155

14 ақпаны күні жыл сайынғы дәстүр бойынша колледж кітапханашылары «Халықаралық кітап сыйлау» күніне арналған акция ұйымдастырды.
Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі білім алушылары , оқытушылары қатысты.

Колледж оқытушылары мен білім алушылар белсенділік танытып, өздерінің үйде оқып шыққан жеке кітапханаларындағы әдеби көркем шығармаларды колледж кітапханасына сыйға тартты.

Акция мақсаты – колледж кітапханасы қорын толықтыру, ақын - жазушылардың шығармаларын насихаттау білім алушыларды рухани адамгершілікке баулу және оқырмандар мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту.
Акцияға қатысқан оқытушылар мен білім алушыларға алғыс айтамыз.

156

157